
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
2026–2031 жылдарға арналған
«ӘДІЛЕТ» партиясынан Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат
Мұхамади Жасұлан Бектұрғанұлы
Бірмандатты сайлау округі № 7
«Ауыл – ұлтымыздың алтын бесігі. Ауылды дамыту – баршамызға ортақ міндет»
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев

Құрметті сайлаушылар!
Мен, Мұхамади Жасұлан Бектұрғанұлы 1993 жылы 1 қаңтарда Сарқан ауданында дүниеге келдім. Білімім жоғары қаржыгер және құқықтану маманы бойынша.Үйленгем 2 балам бар.
Қазіргі таңда «Мұхамади» шаруақожалығын басқарып келемін. Өзімнің басты ұстанымым әділдік пен жауапкершілік.
Осы маңызды ұстанымды басшылыққа ала отырып, «Әділет» партиясы Сарқан ауданының барлық ауылдарында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуды, ауылдық инфрақұрылымды дамытуды және әр азаматқа тең мүмкіндік қалыптастыруды басты басымдық деп санайды.
Біздің мақсатымыз – ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажын билік органдарына жеткізу, жергілікті бюджеттің тиімді әрі ашық жұмсалуына ықпал ету және ауданның тұрақты дамуына нақты үлес қосу.
Ауыл дамыту адамдарды күнделікті мазалайтын мәселелерді шешуден басталады. Оларға жол жағдайы, ауыз судың сапасы, денсаулық сақтау мен білім беруге қол жеткізу, жұмыс орындары және балаларымыздың болашағы кіреді.
Менің бағдарламам «Әділет» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген. Басты назар тек жинақталған мәселелерді шешуге ғана емес, сонымен қатар ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға, жұмысшыларды қолдауға, жастарға мүмкіндіктер жасауға және туған жерімізді сақтауға бағытталған.
Менің міндеттемелерім нақты мақсаттарға, жобаларға және мерзімдерге негізделген.
Депутат ретіндегі жұмысымның басты нәтижесі — адамдардың өміріндегі нақты өзгерістер.
Құрметпен, Жасұлан Мұхамади.
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ Алмалы ауыл тұрғындарының мүдделерін қорғау жайылымдық жерлерді қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтеріне қолжетімділік мәселелерінде.
Фермерлердің суармалы суға қол жеткізуін қамтамасыз етемін
Жабдықталған алаңдарды құруды ынталандыру жергілікті фермерлер мен жеке шаруашылықтардың өнімдерін сату жобаларын іске асыру.
2.АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ Алмалы ауылынының ауызсу, электрмен жабдықтау және интернетке қолжетімділік мәселелерін жүйелі түрде көтеру. Сарқан ауданы Алмалы ауылын сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу мәселесін жоспарға енгізуін қадағалаймын.
Сарқан ауданы Алмалы ауылындағы балалар ойын алаңының құрылысын салуга ықпал етемін.
3. ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК ҚАТЫНАСЫ Алмалы ауылішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұсыныстар енгізуге ат салысамын Ауыл ішіндегі асфальтталмаған және тозығы жеткен жолдарды кезең-кезеңімен жөндеу мәселесін тиісті жұмыс атқаратын бөлімдермен шешу жолдарын қарастырып ықпал етемін. Негізгі көшелер мен ауылішілік жолдарға орташа және күрделі жөндеу жүргізуге ат салысамын.
4. АУЫЛДЫҚ БИЗНЕСТІ ЖӘНЕ КӘСИПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ «Ауыл аманаты» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар арқылы Алмалы ауыл тұрғындарына жеңілдікпен несие алуға, жеке қосалқы шаруашылықтар мен отбасылық бизнесті дамытуға жан-жақты жағдай жасаймын. Ауыл тұрғындарының жеке кәсіп ашуына, мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген несие алуына қолдау көрсетемін..Ауыл әйелдері мен жастар кәсіпкерлігін қолдаймын. Жергілікті кәсіпкерлердің бастамаларын қолдап, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жағдай жасаймын.
5. ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҒДАЙЛАР Алмалы ауыл балаларының сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына және бос уақытын тиімді өткізуіне тең мүмкіндік жасау – басты міндеттердің бірі. Ауыл мектебінің материалдық-техникалық базасын жаңарту, заманауи компьютерлермен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесін көтеруге ат салысамын.. Мектептегі интернет сапасын жақсарту және цифрлық білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етемін. Балаларға арналған спорттық және ойын алаңдарын салу немесе жаңарту жұмыстарына ат салысамын. Мектептің қажеттіліктерін зерделеу, ата-аналармен және педагогтермен кездесулер өткіземін, анықталған мәселелерді аудандық мәслихат пен әкімдікке жеткізіп жүйелі жұмыс жасауын қадғалаймын. Қажетті жобаларды жергілікті бюджетке енгізуге және мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржыландыруға ықпал ету.
6. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ Алмалы мен Абай ауылдарының тұрғындарының лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету және халықтың әл-ауқатын арттыру – басты міндеттеріміздің бірі. Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесін басты назарға аламын..
7. САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ Материалдық-техникалық жабдықтауды жақсартуға қол жеткізу Алмалы ауылындағы амбулаториялық емхана, білікті медициналық көмек пен мамандандырылған дәрігерлердің қолжетімділігін арттыру.
8. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында елді мекендерді көгалдандыру, көшелерді жарықтандыру, қалдықтарды жинау және жою жүйелерін жақсарту, жайлы қоғамдық кеңістіктер құру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.
Халықтың үні – менің басты бағдарым!
Сеніміңізді ақтау – менің міндетім!
Ауданының өркендеуі – ортақ мақсатымыз!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Мен Мұхамади Жасұлан Бектұрғанұлы 1993 жылы 1 қаңтарда Сарқан ауданында дүиниеге келдім, Қаржыгер және құқықтану мамандығы бойынша жоғары білімім бар. 2016 жылдан бастап Мұхамади шаруа қожалықта еңбек етіп келем.
Менің кәсіби тәжірибем маған жауапкершілікті, принциптілікті, заңды құрметтеуді және азаматтардың өтініштеріне мұқият қарауды үйретті.
Депутаттың басты міндеті — тұрғындардың мүдделерін қорғау, өзекті мәселелерді шешуге қол жеткізу және атқарылған жұмыстар туралы ашық есеп беру деп санаймын.
Егер сіз маған сенім білдірсеңіз, мен өз қызметімді Алмалы ауылын дамытудың нақты мәселелеріне жұмылдырамын.
МЕНІҢ ҚАҒИДАТТАРЫМ
Әділдік. Заңдылық. Жауапкершілік. Ашықтық.
Мен тұрғындардың ұсыныстарын тыңдауға, құзыретті органдар алдында маңызды мәселелерді көтеруге, ауданның даму жоспарларына басым міндеттерді енгізуге және депутаттар шегінде қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға дайынмын.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Дайындаған: «Айару» ЖК
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй
Таралымы:1000 дана.
Тапсырыс беруші: Мұхамади Жасұлан Бектұрғанұлы Сарқан аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.
