Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!


Президентіміздің реформасымен танысып, қуанып отырған жайымыз бар. Реформада ерекше атап өтер тағы бір тұсы – ауыл шаруашылығына назар аударылғанында дер едім. Себебі ауыл шаруашылығы қолдауды көп қажет ететін сала. Сондықтан оның мәселесі мемлекеттік экономика жүйесінде қарастырылуға тиіс. Ауыл шаруашылығының мән-жайы жалпы экономиканың барлық салаларына тікелей және жанама ықпал етеді әрі Қазақстан азаматтарының тұрақты, қауіпсіздікте өмір сүруіне жағдай жасайды. Президентіміздің ауылшаруашылығына, медицина саласына, ұлттық экономиканың құрылуына көңіл бөлуі өте қуантарлық жағдай. Ауылды жерлерге фельдшерлік амбулаториялар салынып, автожол құрылысы жұмысының жүргізілуі, мал шаруашылығын аттыру негізгі мәселе болып отыр. Ауылды жерлерде жастарды қолдау мақсатында ең төменгі пайызбен несиелер берілуі, спорт кешендерінің салынуы, мәдениет ошақтарының көбеюі жастар үшін, ауыл үшін өте керемет құбылыс. Билік басына, яғни депутаттыққа көзі ашық, намысты азаматтардың баруы «Әділетті Қазақстанды» құруымыздың бірден-бір кепілі. Президент реформасының орындалуының бірден-бір айғағы ауылымызда да мәдениет ошағымыз күрделі жөндеуден өтіп, Алланың үйі мешітімізде іске қосылып, біраз азаматтар жұмыспен қамтылғалы отыр. Ел алдында тұрған үлкен міндеттерді айқындаған бұл үндеу – жаңа дәуірдегі мемлекет тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің кепілі. Саяси сыңдарлы диалог пен экономикалық маңызды реформалар қоғамдық гүлдену мен мемлекеттің ертеңіне үлкен үміт ұялатады. Жағымды жаңалық пен стратегиялық маңызды игілікті бастамаларға, соны идеяларғы толы Президенттің жаңа реформалары – халықтың көкейінде жылдар бойы қордаланып жүрген, наразылығын тудырған мәселелерді шешуге арналып, еліміздің экономикасын дамытып, саясаты мен тәуелсіздігін нығайтуға, халқымыздың әл-ауқатын арттырып, материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған, елімізді жарқын болашаққа, Қазақстанның жаңа даму кезеңіне бастайтын маңызды құжат.
Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын. Тәуелсіздігіміздің тұғыры шайқалмасын. Ал осы құндылықтарды сақтап қалу үшін әрбір Қазақстан азаматы өз білімімен, адал еңбегімен ел дамуына елеулі үлес қосуы тиіс.
Біз таңдаған жолымыздан айнымаймыз. Олай болса, «Әділетті Қазақстанды» бірге құрайық! Қасиетті Отанымызды бірге өркендетейік, ағайын!


Шолпан БИГОЖАНОВА,
Көктерек ауылдық жастар өкілі.

Мәліметпен бөлісу: