«Дипломмен ауылға» бағдарламасына енген өзгерістер

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 43 бұйрығымен бекітілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі әзірледі. Көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және оны аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органдары көрсетеді.

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну тәртібі: Тұрғын үй сатып алуға неме­се салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алу­шылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата- анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды. Бюджеттік кре­диттер облыстардың жергілікті атқарушы органдарына мынадай талаптарда: Теңгемен он бес жылға дейінгі мерзiмге 0,01 % мөлшерiндегі жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн кейіннен ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға бере отырып, кредиттiк шарт­тар жасасу арқылы беріледі

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы алдағы кезеңге денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін қалыптастырады, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында, www.egov.kz сайтында орналастырады және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына мәлімет үшін ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушыларға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру тиісті қаржы жылына арналған міндетемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сома шегінде жүзеге асырылады. Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі (құжаттарды Мемлекеттік кор­порация арқылы ұсынған кезде) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы немесе электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

1.көтерме жәрдемақы алған кезде: • осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бой­ынша өтiнiш; • жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); • бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi; • жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi.

2.тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде: • осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш; • жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); • бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi; • жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi; • сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін); • Кредиттік бю­родан есеп;

3.тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде: • осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш; • жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); • бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi; • жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi; • сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін); • Кредиттік бю­родан есеп. Осы Қағидаларда көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi.

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік ке­шен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету туралы толық ақпаратты аудан әкімінің ресми сайтынан алуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysusarkan/documents/details/43773?lang=kk, қосымша мәліметтер үшін тел: 8/72839/ 2-29-38.

аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі.

Мәліметпен бөлісу: