Аудандық білім бөлімінің басшысы П.Имангазиеваның әдістемелік жұмыс бағытына сәйкес 2020 жылдың 23-24.01 аралығында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері аудан мектептерін аралап, Алматы облысындағы үштілділікті дамыту бойынша жоспарды жүзеге асыруды бақылау мақсатында үш тілде сабақ беретін ұстаздардың сабағына қатысып, әдістемелік көмек көрсету аясында жаңартылған білім беру бойынша көптеген ұсыныс-кеңестер айтып, сабақты тиімді өткізу бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.
«Темірді қызған кезде соқ»- демекші, мектебіміздің директоры Б.Сарсенбаеваның басшылығымен, сонымен қатар, аудандық білім бөлімі әдіскері А.Қалабаеваның ұйымдастыруымен облыстық білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығы әдіскерлері Е.Немеребаев және Е.Нусипбеков «әл-Фараби атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы және Еркін бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне де ат басын бұрып, мектеп ұстаздарының сабақ жүргізу әдістемесімен сонымен қатар, мектептің әдістемелік жұмысымен танысу мақсатында әріптестік кездесуге келді. Бұл кездесудің үлкен мәні бар ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында, үш тілде сабақ беретін ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетуде таптырмас әріптестік қолдау болды.
Айталық, бастауыш сынып мұғалімі, жаңартылған білім беру аясындағы курсты оқыған, жаңа форматтағы санаты педагог-сарапшы ұстаз Жумагалиева Н.Е. 1-сыныпта, математика пәні бойынша «Апта күндері» тақырыбында ашық сабақ жүргізіп, озық іс-тәжірибе саналатын «SWOT» талдауы бойынша өз сабағына талдау жасай отырып, сабақтың әлсіз және де жақсарту керек тұстарында тұщымды пікір, кері байланысты мықты бере алып, кәсіби шеберлігін таныта алды, сонымен қатар, ұстаз әдіскерлердің айтқан ұсыныстары мен кеңестеріне құлақ асып, кейінгі сабақ жоспарлауда ескеретінін айтып, алғыс білдірді. Жоғарыда аталған сабақты талдауда мектеп директоры мен әдіскері де тысқары қалмады, олар өздерінің тарапынан сабақты «SWOT» талдауына салып, кеткен кемшіліктерді айта отырып, Ерлан Тұрсынмаметұлының кері байланысымен жұмыс жасап, басты назарда ұстайтыны туралы ойларын білдірді.
Облыстық білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығы әдіскерлері тарапынан мектеп әдіскері Ж.С.Жиенбаеваға осы бағытта жұмысты тоқтатпай, әдістемелік тұрғыда одан ары дамыту керек екені туралы ұсыныс айтылып, сабақты бақылаудағы басты мәселені жақсы түсініп, жұмысты игере алғаны үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ үштілділік бағдарламасының ағылшын тілінде 9 айлық курсын тамамдаған информатика пәні мұғалімі, жаңа форматтағы санаты педагог-модератор ұстаз Имангалиев Е.Е. пилоттық бағдарламаны іске асыруда 9-сыныпта «Python list» атты сабақ беріп, өз сабағына талдау жасай отырып, кеткен кемшіліктері бойынша пікірін айтып, Ермек Түйебайұлы тарапынан кері байланыс алып, өзінің іс-тәжірибесіне көптеген ұсыныс кеңестерді ескеретінін атап өтті. Сабақты талқылау жұмысынан кейін қонақтар мектеп ішін аралап, «Үздік кабинет» болып саналатын ағылшын тілі Мамбетбаева А.Д және Амиренова Р.К, дефектолог-Тубагулова Э., психолог-Жумадилова Д.Ж. кабинеттеріне шағын экскурсия жүргізіп, естелікке фотоға түсіп, ризашылығымен жолға аттанды.
Ж.Жиенбаева,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.