Аптаның басында жұмыс сапарымен Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашев Сарқан ауданында болып, жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының жұмыстарымен танысты.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары аудан әкімі Ерғазы Қошанбековпен бірге Абай атындағы мектеп-гимназиясының, балалар шығармашылық үйінің, аудандық орталық аурухананың және мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан 10 үйдің құрылыс барысын көзбен көрді.
Сапар барысында Ләззат Махатұлы мердігер компанияның өкілдерімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының жәй-жапсарымен жете танысып, нысандардың сапалы, барлық талаптарға сай, жоспарға сәйкес және мерзімінде тапсырылуына басты назар аударды.
Өз тілшіміз.