Тұтқиылдан келген індетке қарсы тұратын біздің қаруымыз – қиын кезде бірлесе білу. Елбасы өзінің мақаласында бірлесе білген елдің бәрін жеңетіндігін нақты мысалдармен дәлелдеп берді.
Игі мақсаттағы іс-шаралардың бәріне халық болып қолдау көрсетсек қана Ата заңымыздың 1 бабында атап көрсетілген ең қымбат қазынамыз-адам және оның өмірін сақтай аламыз. Осы ұғымды көпшілікке жеткізу үшін Нұрсұлтан Әбішұлы ұлы Абайдың, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының, үнді халқының қайраткері Махатма Гандидің ұлағатты сөздерін орынды келтіре отырып «Бірлік жоқ жерде – тірлік жоқ» екендігіне баршамызды иландырады. Сондықтан бұл мақала дер кезінде жазылуымен құнды.
Жомарт ИГІМАН,
Сарқан аудандық мәслихатының депутаты.