Еңбек жас талғамайды

Бүгінде кәсіппен айналысамын, өзіме де, өзгеге де пайдамды тигіземін деуші азаматтарға әрқашанда жол ашық. Өзінің мүмкіндігі мен қарым-қабілетіне сенген  жас кәсіпкер Руслан Саттыбеков Лепсі ауылында ауыл тұрғындарына арнап наубайхана ашып, Төлебаев, Көкжиде, Лепсі ауылдарын нан өнімдерімен қамтып отыр. 

-Өмірде ең маңыздысы өз мақсатыңды білу және соны жүзеге асыруға талпыну болып табылады. «Мақсатсыз адам – желкенсіз кеме» секілді, мақсатсыз алға ұмтылудың соңы кедергілерге ұшыратады,- дейді жас кәсіпкер.  «Еңбектің наны тәтті» деп тегін айтылмаған болар,  Руслан Саттыбеков өз демеушілігімен Лепсі ауылының кіреберісіне қақпа (арка), сондай-ақ  ауыл жастарына арнап стадион құрылысын бастады. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын көресің» деген ұстанымды ұстанатын жас кәсіпкер қайырымдылық шараларынан қалыс қалмай, ауылдың аз қамтылған отбасыларына, жалғызбасты қарттарға үнемі қолдау көрсетіп, қамқорлық танытып келеді.  Осындай нар жігіттің жасаған жақсылықтары көкейге үміт ұялатады.  Азаматтың ерлігі баршамызға «Кең болсаң, кем болмайсың» — дегендей, қайырымды болу міндетің деген ойға жетелейді.

 

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: