Халықтық штаб мүшелері Екіаша ауылындағы «Жоңғар Алатауы» филиалының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында штаб мүшесі Сания Елюбаева атом электр станциясының маңыздылығын кеңінен талдай отырып, оның әкелетін экологиялық та экономикалық та артықшылықтарын да атап өтті.
Сания Абылайханқызы өз сөзінде атом энергиясының тиімділігі мен ұзақ мерзімділігін атап, қоршаған ортаға әсері басқа энергия көздеріне қарағанда әлдеқайда төмен екенін түсіндірді.
Штаб мүшесінің айтуынша бұл энергетикалық шешім елдің дамуында үлкен рөл атқарады және болашақта энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін маңызды қадам болып табылатындығын атап өтті.