ҮЕҰ дерекқорына есеп

Құрметті әріптестер!

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорына ұсынудың кезекті мерзімі басталды.

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беру мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді келесі тәсілдердің бірімен ұсына алады:

1) ҮЕҰ Дерекқорының https://infonpo.gov.kz/ интернет-порталы арқылы (заңды тұлғаның ЭЦҚ кілті болу керек);

2) уәкілетті органға қағаз және электрондық тасығыштарда (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті).

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбау, уақтылы ұсынбау және толық емес немесе көрінеу, жалған мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.

Ұсынудың соңғы мерзімі –31 наурызға дейін.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласыңыз:

8707  181  1179,  8705  290  8259  немесе  npo2021@mail.ru  электрондық поштаға.

Мәліметпен бөлісу: