«e-Otinish» АЖ деректері негізінде тәуекелдерді анықтау бойынша «талдамалық модель» жобасын қалыптастыру мақсатында 2024 жылы және биылғы жылдың І-тоқсанында облыстың жергілікті атқарушы органдарына тіркелген 59 274 өтінішке (2024 жылы — 46480, 2025 жылғы І-тоқсанда — 12794) талдау жұмыстары жүргізілді.
Талдау нәтижесінде ең көп өтініштер саны Талдықорған қаласының (12 568 — 27%), Алакөл ауданының әкімдіктеріне (3 152 — 6,7%), облыстық білім (6 073 — 13%) және денсаулық сақтау басқармаларына түскені (1 780 — 3,8%) анықталды.
Жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес халықты толғандыратын Топ-3 проблемалық мәселелер анықталды:
- жер қатынастары – 25,5 % (жер учаскелерін бөлу, жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі);
- тұрғын үй-коммуналдық саласы — 15% (мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезектілік, жекешелендіру, жалдау ақысы, көп қабатты тұрғын үйлердің шатырын жөндеу және т. б.);
— әлеуметтік сала — 11% (мүгедектік топты белгілеу, медицина қызметкерлеріне қызмет көрсету сапасының төмендігі, дәрі-дәрмектерге бағаның өсуі, сынып жабдықтарының сапасы, мұғалімдерді аттестаттау туралы және т. б.).
Сондай-ақ облыс бойынша 8 аудан, 2 қала әкімі аппараттары және 22 облыстық басқармалар «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіндегі Білім базасы модуліне жеке және заңды тұлғалармен жиі көтерілетін мәселелер бойынша сұрақ-жауаптар тоқсан сайын жаңартылып, мемлекеттік және ресми тілде енгізіліп тұрады. Енгізілген сұрақ-жауаптарға азаматтар өтніштерінің қаралуын бақылау бөлімі ай сайын зерделеу жұмыстарын жүргізеді.
Қазіргі кезде Білім базасын толықтыру үшін түскен өтініштер сараланып, Әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін сақтауға қатысты өтініштер бойынша жиі қойылатын 50 сұрақтың тізбесін (мемлекеттік және ресми тілде) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жолданды.
«е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде Білім базасын масштабтау бойынша пилоттық жобаны табысты жүргізу мақсатында 05.03.2025 жылғы өткізілген жиынға 2 қызметкер қатысты.
Сонымен қатар ҚР Цифрлық даму, иновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен пилоттық жоба курсы аумақтар бойынша өткізілген жағдайда қосымша қатысушылардың тізімі ұсынылады.
