Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Осыған орай өткеніміздің өнегесін жастардың көкейіне ұялатқым келеді.
Бұл 1944 жылдың күз айы болатын. Ол кезде мен 5 жаста едім. Біз жылдағыдай көктемде Ақсу ауданына қарасты Қарасу (қазіргі Еңбек) ауылынан 12 шақырым жердегі Жыланды сай бөктеріне балаған тігіп көшіп баратын едік. Себебі менің әкем Абақов Салқынбай сол Қарасу ауылындағы Балалар үйінде егін салып, оны тау суымен суғарып, күзде жиналған егінді молотилкамен қырманда бастырып, айдың жарығымен ұшырып, зақырымға салып қысқа дайындайтын еді. Сарқан өзенінің суымен жүретін диірменнің біреуіне Балалар үйінің директоры, менің кіндік әкем Мәкей Еркінбековтың арбасымен бидайды апарып, тартқызып, анам сол ұннан жетім балаларға нан пісіретін…
Кәукер Колубекова,
ардагер ұстаз, Сарқан ауданының «Құрметті азаматы».
(Бұл мақаланың толық нұсқасын газетіміздің № 30 санынан оқи аласыздар).
#Qazaqstan30