Дүйсенбі күні ауданымызға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Аңсар Мұсаханов және Төлеубек Мұқашев арнайы іс-сапарларымен келіп, тұрғындармен кездесу өткізді.
27
Жергілікті жердің тыныс-тіршілігімен танысқан Аңсар Тұрсынханұлы мен Төлеубек Төлеуұлы елдің мұң-мұқтажына құлақ түрді. Сапар барысында жоғарғы палата депутаттары ауданның егістік алқаптарын аралап, Елбасының тапсырмасы – қант қызылшасын өсіп-өндіру барысын қадағалады. Сондай-ақ, ауданымыздағы ең ірі мекемелердің бірі «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымымен кездесіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің орындалу барысына тоқталып, іске асырылып жатқан бағдарламаларды түсіндіріп, халық қалаулылары кездесуде елдің ертеңі жайында сауал қойған сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.
Өз тілшіміз.