Мектебімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Екі жұлдыз -2018» мега байқауы ата-ана мен оқушы арасында өткізілді. Мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруді арттыру, ата-ана мен баланың ара-сындағы талғамдық құндылықтарға жету қабілеттерін қалыптас-тыру. Бірлікке, ұйымдас-тырушылыққа, патриоттыққа, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу болып табылады.
Байқауға қатысушылар байқаудың өту кезеңіне сай ән орындады. Орындаушылар әнді орындау шеберлігі және әнге сай костюмдері арқылы, бишілердің көмегімен немесе театрландырылған көрініс жасап, әннің мағынасын барынша ашуға тырысты. Байқау кезінде халық әндерін және заманауи эстрадалық әндерін орындады. Мәжіліс залы көрерменге лық толып, ауыл азаматтары демалып қайтқандары туралы айтып, алғысын жаудырды. Қатысушыларымызға әділ бағалау жүргізуге аудандық мәдениет үйінің директоры Құттыбеков Ықылас Болатбекұлы және Амангелді округі мәдениет үйінің директоры Бижақсынов Болат Сансызбайұлы келді. Жалпы мектеп бойынша 11 жұп бақ сынасты. Жүлделі «Бас жүлдені» жеңіп алған Сарынбаева Ардақ пен 7-сынып оқушысы Көрпебаева Аяулым, І орынға ие болған Қомашбаева Назгүл мен мектеп алды даярлық тобының тәрбиеленушісі Мағазова Ақерке, ІІ орынға ие болған Умирбаева Жазира мен 6-сынып оқушысы Ысқақ Даниял, жүлделі ІІІ орынға ие болған Секеманов Дидар мен балабақша тәрбиеленушісі Қанапия Алихан. Сондай-ақ, «Ең үздік халық әні» номинациясын жеңіп алған Жамантаев Бекен Мейрамғалиұлы мен 9-сынып оқушысы Жолдыбай Олжас , «Ең үздік заманауи эстрадалық әндер» номинациясын Шатырбаева Алия мен 10-сынып оқушысы Ысқақ Аружандар иеленді. Осындай тәрбиелік мәні бар іс-шараларға белсене қатысқан ата-аналарымыз көп болғай деп тілейміз.
Г.СЫДЫКОВА,
Тасарық орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі.