«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Сарқан ауданындағы қала және барлық ауылдық округтердегі тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
100-ге жуық қала тұрғындары қатысқан сенбілікте 7 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
12 сәуір күні басталған тазалық жұмыстарына аудан еріктілері мен жастар, ардагерлер және қоғам белсенділерінің қатысты.
Әуелі, Сарқан қаласындағы алаш қайраткері, биыл 145 жылдық мерейтойы аталып өтетін Мұхамеджан Тынышбаевтың ескерткіші аумағын ретке келтіру, абаттандыру, орталық көшелерді күл-қоқыстан тазалау жұмыстары да жүргізілді.
#7su #KM #тазақазақстан #киелімекен