Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қазанда АЭС құрылысы бойынша ұлттық референдум өтетінін хабарлады. Бұл референдум – елдің стратегиялық шешімдер қабылдаудағы халықтың пікірін ескеру бағытында жасалған нақты қадам.
Мемлекетімізде АЭС салу қажеттілігі бірнеше негізгі себептерге байланысты. Біріншіден, елдің экономикалық өсуі мен халық санының артуы электр энергиясына деген сұранысты арттырып отыр. Екінші мәселе — елдегі ескірген энергетикалық инфрақұрылымның тозуы. Әсіресе көмірмен жұмыс істейтін станциялар экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып барады. Осы себептерге байланысты, АЭС тұрақты әрі сенімді энергия көзі ретінде қарастырылып отыр. Үшіншіден, АЭС-тің құрылысы еліміздің көмір мен газға тәуелділігін төмендетіп, атмосфераға бөлінетін көміртегі шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Осындай маңызды себептерді ескерсек атом электр станциясының құрылысы жүріп, іске аса бастауы қай жағынан болса да тиімді.
Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ,
«Сарқан» газетінің тілшісі.