Қазақ опера мұрасының алтын қорын байытып, әлемдік опера деңгейімен теңестірген алғашқы ұлттық композиторларымыздың бірі – Мұқан Төлебаев. М.Төлебаев КСРО-ның халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, аса көрнекті композитор, қазақ музыкасының классигі, Қазақстан Республикасының алғашқы Гимні авторларының бірі.Осындай дарынды, ұлы композитордың құрметіне ашылған музей ғимаратының іргетасы 1941 жылы қаланды. Сол кезден бастап 1983 жылға дейін тұрмыстық комбинат мекемесі ретінде қолданыста бол- ды. Кейіннен 1983-1993 жылдар аралығында ғимарат әскери комиссариаттың қолданысына берілді. Ал 1993 жылдан бастап М.Төлебаев мемориалды музейі ретінде қызмет атқара бастады.
Музей Қазақстан Республи- касы Министрлер Кабинетінің №871 қаулысымен даңқты композитордың 80 жылдық мерей- тойына орай ашылған. Мұқан Төлебаевтың мемориалды музейі — өзінің жаратылысы жағынан ғылыми-зерттеу және мәдени- ағарту мекемесі болып табылады. Адамдардың бұл күнде тарихқа ден қоя зер салуы артқан жағдайда му- зей үлесіне үлкен міндет жүктеліп отыр. «Өткеніңді білмейінше, болашағыңды болжай алмайсың»- деген өткен халымызды ақтара қарап, бүгінгі күннің көкейкесті сау- алдарына жауап іздейді, қоғамның бұдан былайғы заңдылықтарын түсінгісі келеді. Мұқан Төлебаевтың ме- мориалды музейі негізінен материалдық және рухани-мәдени құндылықтарды, шынайы тари- хи мұраларды сақтауды, тіркеуді, есепке алуды қамтамасыз етеді. Сондықтан да музей қоры қатаң мемлекеттік есепке алуға жатады, олардың заңды қорғалуына және зерттелуіне және рационалды қолданылуына жағдай жасайды. Музейде М.Төлебаевтың 500- ден аса құжаттары мен пайдаланған заттары бар. Киген киімдері, ғылыми құндылығы жоғары еңбектері «Біржан-Сара» операсының, «Кестелі орамал», «Тос, мені тос», «Жеңіске» әндерінің түпнұсқасы, өз қолымен жазған классикалық, симфониялық шығармалары, әндері мен романстары, қолтаңбасын қалдырған музыкалық аспапта- ры, т.б. заттары аса ұқыптылықпен сақталған. «М.Төлебаев аз ғана ғұмырында өнер көгінде өшпес ізін салып үлгерген құйрықты жұлдыз іспетті. Кең құлашты, мол тынысты, шалқар шабытты образға беріле отырып, өнер әлеміне көптеген классикалық шығармалар әкелді. Соның бірі әлемдік деңгейде жазылған «Біржан-Сара» операсы. Ол саз мектебінің алғашқы іргетасын қалаушылардың бірі болып тарихқа енген. Музейдің әр залы компози- тор өмірінің, яғни өмір есігін ашқан кезеңнен бастап жарық дүниеден озғанға дейінгі бағындырған белестерін бейнелеп тұратын үш экспозициялық залдан тұрады. Ондағы құжаттар арқылы сазгердің кешегі Одақ көлемінде аты мәшһүр болғанын көруге болады. Сонымен қатар композитордың 1942-1944 жылдары Қазақтың халық аспап- тар оркестрінің дирижері қызметін атқарған кезеңінен сыр шертетін естеліктер де қызықтырмай қоймайды. Қазір қолданыста жоқ, сол заманның ұлттық аспаптары, сахналық киім үлгілері жайлы мол түсінік қалыптастыруға болады. Музей экспозициясынан ком- позитордың шеберлікті шыңдау жолындағы ізденістері, азаматтық, адамгершілік бітім-болмысы, үлкен өнерге деген ынта-жігері кеңінен көрініс береді. М.Төлебаев мемо- риалды музейінің экспозициясы 7 тақырыпқа бөлінген. -М.Төлебаевтың отбасы мен балалық шағы -М.Төлебаевтың отбасына тиесілі тұрмыстық заттар. -Өлкеден шыққан ақын- сазгерлер -М.Төлебаевтың өнер жолының басталуы. -Әлемдік деңгейдегі классиктер -Қазақ сазгерлері -Мұқан Төлебаевтың өмірінің соңғы жылдары және оның есімін мәңгі есте қалдыру. Музейдің алға қойған басты мақсаттарының бірі – Мұқанның кейінгі ұрпаққа қалдырған асыл қазына, құнды еңбектерін жинақтап, өмірі мен қызметін зерттеу, оның еңбектері, жазған шығармаларының терең сырлары мен көркемдік ерекшеліктерін көпшілікке танысты- ру. Бүгінгі таңда музейде Елба- сы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты үндеуінің аясында көрсетілгендей «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің негізі ретінде өлкеден шыққан ұлы тұлғалар жайлы деректерді жинақтау, бағдарламасы бойынша, сондай-ақ жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған жалпы ұлттық қасиетті орындар ұғымы бой- ынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы орайда соңғы жылда- ры музей экспонаттарының саны көбейіп жатыр. Қазіргі уақытта музей қорына 1662 экспо- нат тіркелген. Экспонаттардың барлығы дерлік негізгі қор бөліміне орналастырылған. Қор бөлімі жалпы музей құрылымындағы бірден-бір негізгі бөлімі болып табылады және му- зей құндылықтарын есепке алу, сақтау жұмыстарымен айналысып, Қазақстан Республикасының «музей құндылықтарын есепке алу және сақтау туралы» нұсқаулығымен жұмыс жасайды. Негізгі қор бөліміне қосылған экспонаттарды негізгі және қосымша дерек көздері деп екі топқа бөліп қарастыруымызға болады. Негізгі қор бөліміне қосылған деректер ХІХ- ХХ ғасыр мұралары болып табыла- ды. Өткен ғасырдың заттай және жазбаша дерек көздері сол кезеңдегі халықтың әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалын, өмірлік ұстанымдарын, материалдық деңгейін, қоғамдық қарым-қатынас деңгейін баяндайды. 2000-2019 жж аралығында Мұқан Төлебаев мемориалды музейіне 500-ден астам деректік материалдар жиналды. Аталмыш материалдарды ғылыми жүйеге келтіру үшін деректерді классифика- циялаудан өткізіп, сыныптау қажет. Осыған орай, деректерді 5 типтік классификацияға жіктедік: жазба, заттай, этнографиялық, фото-фоно құжаттық, аудио-видеовизуалды құжаттар Жазба деректерді функционал- ды қызметі мен жасалу кезеңіне қарай екіге бөліп қарастырамыз: құжаттық және баяндаушы. Құжаттық деректерді келесідей топтарға сы- ныптай аламыз: 1.Статистикалық; 2. Актілік; 3. Іс-қағаздық. Деректік материалдардың ішінен статистикалық дерек көздеріне жа- татын бірден бір дерек «Хроноло- гия бойынша жасалған М.Төлебаев шығармаларының тізімі». Аталмыш дерек 1966 жылы жарыққа шыққан. Дерекке сыртқы сын жасайтын болсақ сол кезеңде қолмен теріліп, сыртқы мұқабасында ешқандай жа- зулары көрінбейді, көлемі 30х21см. Музейге тек 2013 жылы түскен. Дерек қолмен терілгендіктен шынайылығы жоғары және түпнұсқа болып табылады. Деректік материалдардың ішінен актілік, оның ішінде жеке актілерге кіретін дерек көздерге жататын заттарға: «М.Төлебаевтың мүшелік билеті», «Композитор М.Төлебаевтың жүргізуші куәлігі», «Композитор М.Төлебаевтың кәсіподақтық билеті №0765238″, » М.Төлебаев Қазақстан композитор- лар Одағында жұмыс істеп жүргенде әскер қатарына шақыруды уақытша қалдыру туралы «. «Куәлік №140. Композитор М.Төлебаевқа Қаз.ССР- нің темір және су жолдарында тегін жүру үшін берілген». Аталмыш деректердің барлығы дерлік түпнұсқа және сол кезеңдегі заңдық күші бар шынайы құжат. М.Төлебаевтың мүшелік билеті, ком- позитор М.Төлебаевтың жүргізуші куәлігі 1956 жылы жасалынған, типографиялық басылым. Көлемі: 30х21см. Музейге 2013 жылы түскен, қазіргі уақытта негізгі қор дерегі. «Композитор М.Төлебаевтың кәсіподақтық билеті №0765238». Дерек 1955 жылы дайындалған, типографиялық басылым. Музей- ге 2012 жылы түскен. «М.Төлебаев Қазақстан композиторлар Одағында жұмыс істеп жүргенде әскер қатарына шақыруды уақытша қалдыру тура- лы». Құжат 1944 жылы жасалынған, типографиялық басылым. Атал- мыш деректердің барлығы шынайы және сақталу формасы жағынан баспалық материалдар. Сондай-ақ қайталанбайтын, жеке — субъективті деректер. Бұл сол кезеңдегі М.Төлебаевтың жеке актілік, заңдық негізі бар, жеке куәландырылған, белгілі бір тәртіппен рәсімделген құжаттары. Деректердің музей үшін, композитордың жеке өмірін зерт- теп, зерделеу үшін маңызы мен құндылығы жоғары. Бүгінгі күнде мұрағат заңдылығына сәйкес, сақталу деңгейі жоғары деңгейде. Деректік материалдардың ішінен іс – қағаздық дерек көздеріне жата- тын заттарға келесідей анықтамалар жатады: «М.Төлебаевтың 1958- 1959 жылдары әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне ұсыну үшін берілген анықтама», » М.Төлебаевқа қаламақы төленуі туралы анықтама», «Қазақфильм» киностудиясының М.Төлебаевқа 1958-1959 жылдар аралығындағы жалақысы төленгенін растайтын анықтама «. «М.Төлебаевтың 1958-1959 жыл- дары әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне ұсыну үшін берілген анықтама» деректің сақталу форма- сы — қолжазба. Қолжазба 1959 жылы қолмен терілген. Музейге 2013 жылы негізгі қор бөліміне тіркелді. «М.Төлебаевқа қаламақы төленуі ту- ралы анықтама» 1960 жылы қолмен терілгендіктен бұл да сақталу формасы жағынан — қолжазба. Музейдің негізгі қор бөліміне 2013 жылы түскен. «Қазақфильм» киностудиясының М.Төлебаевқа 1958-1959 жылдар аралығындағы жалақысы төленгенін растайтын анықтама» 1959 жылы жазылған қолжазба. Музейге 2013 жылы түскен. Деректердің музей үшін құндылығы жоғары. ХХ ғасырдағы қоғам өмірін сипаттап қана қоймай, композитордың Одақ көлемінде сұранысқа ие, жоғары жеңгейдегі тұлға болғандығының дәлелі. Композиторға қатысты баяндау- шы деректерді келесідей топтарға сыныптай аламыз: 1.Жеке адамдық/ мемуар (хаттар, күнделіктер, естеліктер, заманхаттар) 2.Көркем (очерктер, романдар, лирика) 3.Тарихи (тарихи повестер, жыл- намалар, әдебиет) 4.Ғылыми (та- рихи, филосо-фиялық, әлеуметтік еңбектер) Композитор М.Төлебаев жай- лы елімізде аз ғана топ өкілдері естеліктер қалдырған. М.Төлебаев жайлы еске алу кітаптары, заман- хаттар, хаттар т.б қалдырған. Мы- салы: Д.Төлебаеваның 2003 жылы жазылған «Әуелеп ұшқан Ән- ғұмыр» атты кітабы, Н.Апырбайқызының «Жайсаң жан» атты еңбегі, М.Төлебаев жайлы негізгі естеліктер болып табылады. Дариға Төлебаева өзінің жұбайы М.Төлебаев жайлы біршама құнды деректер қалдырған. Бұл М.Төлебаевтың жеке өмірі, отбасылық қарым-қатынастары, сол кезеңдегі қоғам өмірі, әлеуметтік жағдайдан сыр шертеді. Композитор жайлы әдебиет зерттеушісі , акаде- мик Қажым Жұмалиев «Мұқан сөз жоқ, озат талант, өршіл оптимист, терең ойлы, шексіз сезімді, шын мәнінде, өз мамандығының ақыны еді. Ол қысқа өмірін үздіксіз оқу, тал- май іздену, ерінбей еңбек етумен өткізді. Осылардың нәтижесінде қазақтың музыка мәдениетін биікке шығарушылардың бірі болды» деп еске алса, ал жары Дариға Төлебаева өз толғанысын былай деп жеткізеді: «Жетісу даласы бүкіл әлемге Мұқан Төлебаевтай дарын- ды ұл, керемет талантты сазгер сыйлағанын ерекше атап өтемін және оның есімі мәңгі өмір сүреді, халық санасынан ешқашан кетпек емес». Сондай-ақ композитордың заман хаттары мен хаттары негізгі мемуарлық деректердің қатарын толықтырады. Мысалы: » М.Төлебаевтың «Музгиз» директоры жолдас Лобищевпен «Біржан-Сара» операсының басылымы туралы хат алмасуы» 1957 жылы жызылған, сақталу формасы жағынан қолжазба болып табылады. Бұл хаттың тари- хи құндылығы өте жоғары. Себебі, «Біржан-Сара» операсы басылымы тарихының бір бөлшегі. Аталмыш хат нағыз қайталанбайтын, шынайы дерек. Хатта: «При этом направ- ляю вам для издания клавир оперы «Биржан и Сара». Русский текст авторизованного перевода сделан Болотиным и Сикорской. Изменения введенные в последнюю редакцию дополниетльно сделают авторы перевода. Подстрочный перевод на руках у них же». М.Төлебаевқа «Казгослитздаттан» келген «Отан даңқы» және «Москваға сәлем» атты шығармалары туралы хаты. Хат 1959 жылы жазылған. Хатта «После выхода их в свет, заключе- нием Союза композиторов Казах- стана установлено, что одно из этих произведений является кантатой, а произведение «Привет Москве» от- несено к одночастовому хоровому произведению…». Көркем деректер бойын- ша композиторға қатысты нота көшірмелерін жатқыза аламыз. Де- рек түпнұсқадан алынған көшірме болып табылады. Сақталу фор- масы — қолжазба. Аталмыш дерек- терге келесі нота көшірмелерін жатқызамыз: ««Біржан-Сара» операсындағы Жанботаның ария- сы», «Қозы-«Көрпеш- Баян сұлу» операсының либреттосы», ««Біржан- Сара» операсының І актісінен ай- тыс сценасы», ««Біржан-Сара» операсының кіріспесі текстімен «, «ҚазКСР гимнінің текстімен. Басы. Хор мен фортепианоға арналған. «, ««Біржан -Сара» операсы. І бөлім . Клавир. Тарихи деректерге Ә.Ақмұрза- еваның «Өмірдастан әндастан», Майра Төлебаеваның «Мәнді ғұмыр – мәңгі саз» , жары Дариға Төлебаеваның «Әуелеп ұшқан ән ғұмыр», Виктория Төлебаеваның «Әуенмен әлем тербеген», Жомарт Игіманның «Қанатталды» кітаптарын жатқыза аламыз. Ғылыми деректерге му- зыка зерттеуші ғалым Нұриян Кетегенованың «Мукан Туле- баев» атты еңбегін, «Народно- песенные истоки мелодики М.Тулебаева» атты авторефератын, Қазақстан Республикасының білім министрлігінің шығарған «Мұқан Төлебаев мұрасының тәрбиелік маңызы». Заттай деректерге М.Төлебаевтың қолданған заттары жатады. Композитордың заттары арқылы әлеуметтік — экономикалық жағдайға талдау жасай аламыз. Зат- тай деректердің құндылығы жоғары. Деректер сақталу формасына қарай ағаштан, темірден және матадан, әр түрлі бағалы тастардан жасалған. музейдегі заттай деректерді де негізгі және қосымша деп екі топқа бөліп қарастырған жөн. Себебі, композиторға қатысты заттай де- ректер музейде орналастырылған, ал соңғы жылдары музейді ашуға ықпал еткен, композитормен тығыз шығармашылық және достық қарым- қатынаста болған тұлғалардың және композитордың отбасының заттары жинақталды. Мысалы: Дүйсенбеков Қажыбай Хасенұлы оқу бөлімінде жұмыс атқарған кезінде қолданған телефоны, Композитор Е.Рахмадиевтың Қазақстан Ком- партиясы ХҮІ съезіне делегаттық төс белгісі, Әбілмәжін Төлебаевтың жары Әмина Ақмұрзаеваның «Өмірдастан –әндастан» кітабын жазған кезінде қолданған баспа машинкасы, композитор Мұқан Төлебаевтың киген сулығы және де т.б. Фото-Фоно құжаттарға ком- позитор М.Төлебаевтың түскен суреттерін жатқызамыз. Мысалы: » М.Төлебаевтың жас кезі » 1939 жылы түсірілген, графикалық баспа- дан шыққан және біршама ескірген, композитор М.Төлебаев Байғали Досымжанов, Кәукен Кенжетаев Москвадағы оқу жылдарында 1948 ж. , композитор М.Төлебаев жары Дариға Ғазизқызымен Көкшетауда демалу сәті бейнеленген. Көкшетау қаласы 1959 ж, композитор М.Төлебаев Чехославакияда компо- зиторлармен бірге. Этнографиялық деректерге М.Төлебаевтың туған жеріне қатысты заттай және жаз- баша деректік материалдарды жатқызамыз. Композитордың туған өлкесіне тән қоғам өмірін сипаттай- тын, сол қоғамның айнасын тікелей бейнелейтін, ақпарат бере алатын заттарды жинақтадық. Аталмыш де- ректерге алаша тоқитын құрал, тас диірмен, күбі, құмғанды жатқызамыз. Аудио-визуалды құжаттар — Аудио- диск. «Братья Абдуллины» (Пес- ни 1950-1960 гг.) . Бейнефильм. «Түркістан әфсанасы». Қорытынды. М.Төлебаев мемориалды музейіне қосылған деректердің барлығы ХХ ғасырдың тарихи-мәдени мұралары. Де- ректердің тарихи құндылығы мен маңыздылығы зор. Әр деректің бе- рер мәліметі мол. Музейдің негізгі қорын байытумен қатар, ХХ ғасыр қоғамын, М.Төлебаевтың тұлғалық қасиетін жаңа қырынан зерттеуге мүмкіндік береді. Музей бүгінгі таңда кез-келген мұралық заттарды әр деректің ұзақ сақталу қағидатына орай орналастырған. М.Төлебаевты ғасыр тумасы деп атайтын болсақ, болашақ ұрпаққа оның мұралары үлгі-өнеге, шығармашылыққа ұм- тылыс, опера әлеміне саяхат бола алатыны сөзсіз.
А.ЖҰМАТАЕВА, М.Төлебаевтың мемориалды музейінің меңгерушісі.