ЕЛ БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТ БЕРГЕН МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР

2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету, инфрақұрылымды жаңғырту, білім мен ғылымды дамыту, жаңа технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізу жөніндегі бастамаларын қолдаймын. Өйткені мемлекеттің қуаты экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, азаматтардың өмір сүру сапасымен, білім деңгейімен, қоғамның бірлігімен және болашаққа деген сенімімен өлшенеді.
Маған Жолдаудағы «Адал азамат» идеологиясына, заңға құрметпен қарауға, тәртіп пен жауапкершілікке, ел игілігі үшін адал еңбек етуге басымдық берілуі ерекше маңызды көрінді. Отанға деген сүйіспеншілік құр сөзбен емес, нақты іспен, кәсіби міндетке адалдықпен, қоғам алдындағы жауапкершілікпен дәлелденеді. Бұл қағидаттар әскери қызметте де, журналистика мен әдебиет саласында да айрықша мәнге ие.
Елдің болашағы үшін қолға алынған бастамалардың нақты нәтижеге айналуы бәрімізге байланысты деп есептеймін. Әр азамат өз саласында сапалы еңбек етіп, ортақ іске үлес қосқанда ғана мемлекетіміздің дамуы нығая түседі. Сондықтан Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға қоғам болып атсалысуымыз қажет деп санаймын.
Мен Қазақстанның бейбіт, қуатты, білімді ұрпақ өсіретін, ұлттық құндылықтарын сақтай отырып, заман талабына сай дамитын мемлекет болғанын қалаймын. Осы мақсат жолында ел бірлігін нығайту, адал еңбек ету және жас ұрпақтың болашағына жауапкершілікпен қарау – баршамызға ортақ міндет.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, әскери журналист,

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің

консультанты подполковник

Манарбек Қарекенов

Мәліметпен бөлісу: