
Қазіргі құрылтай бұл жәй айтып, оны орындамай қоя салатын жиын емес. Сол айтылған мәселелерді шешудің жолдарын қарастыратын, жол көрсететін орынға айналып отыр. Мәселен бұрынғы басқосуда тек мәдениет, ғылым тақырыбы емес, елдің тұрмыс-тіршілігін жақсарту, жолдарды жөндеу, ауылдарды ауыз сумен қамту сияқты өзекті мәселелер де сөз болды. Халықтың күнделікті өмірін жақсарту үшін қандай жұмыстар атқарылуы керек деген проблемалар қамтылды. Өскелең ұрпақтың тәрбиесін қайтсек жақсартамыз деген мәселелер де айтылды. Әрине ол бүгін, ертең шешіле қоя салатын шаруа емес. Оған ел болып атсалысуымыз керек.
К. Қалиева,
аудандық Аналар кеңесінің төрайымы.
