Ел игілігін еселеуге бағытталған


Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстық қоғамдық штаб мүшелері Жомарт Игіман, Тілеужан Доғаманов және Дәулет Икрамов Сарқан ауданы, Амангелді ауылдық округі, Көкөзек ауылына ат басын бұрды. Онда ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері ауылдың білім ошағының мәжіліс залында тұрғындармен жүздесіп, ауылдық ағайынды толғандырған мәселелерді бірлесіп талқылады.


Сонымен бірге азаматтарымыздың өткір де өзекті мәселелерін шешіп, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына тікелей көмектесе отырып, сыбайлас жомқорлықпен және азаматтық қоғамға жат құбылыстармен күресіп, әділетті өмір сүруге мүмкіндік беретін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауындағы ел игілігін еселеуге бағытталған бес бағытты айрықша атап өтті.


Сондай-ақ сенімді өкілдер сайлаушылар тарапынан түскен сұрақтарға құлақ түріп, пікірлер ортаға салынды.
Штаб мүшелері сондай-ақ санаулы күндер қалған саяси науқанға белсенділік танытып, түгелдей қатысуға шақырды.

Мәліметпен бөлісу: