Елбасы қағидасы —дамудың жаңа сатысы

Елбасы жария еткен «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы болашағына бей-жай қарамайтын тұрғындар арасында қызу талқыланып жатыр.  Жуырда  осынау елдікке үндеген қағида жиынтығын жастарға түсіндіру мақсатында аудандық мәдениет үйінде жиын болып өтті. Тәуелсіздік — кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық болса, бірлік пен келісім — елдігіміздің мызғымас тұғыры. Жер, ата-баба мұрасы — халықтың қазынасы, ал отбасы мен салт-дәстүр — қоғамның алтын діңгегі. Ұлттық мәдениет халықтың рухани тірегі болса, білім мен еңбек — бақуатты өмірдің кілті. Ал прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі.  Аталмыш шараға арнайы келген Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Аслан Кубентаев осыларға кеңінен тоқталып, Елбасының бұл үндеуін жастардың санасына сіңірудің маңыздылығын атап өтті.

Жиын барысында аудандық мәслихат депутаты Амангелді Омаров, Сарқан ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің персоналды басқарудың бірыңғай қызметі «кадр қызметі» бөлімшесінің басшысы Гүлжан Мырзабаева, аудандық білім бөлімі жанындағы қамқоршылық және қорғаншылық органының маманы Гүлжан Шаймұратова, аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Ернұр Туғанбаев, Н.Островский атындағы орта мектеп лицейінің физика пәні мұғалімі Сая Дюсеханова сынды партия жұмысында белсенділік танытқан жандарды Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Аслан Нұрахметұлы Алғыс хаттармен марапаттап, мерейлерін үстем етті.

Сондай-ақ  бірқатар жандар партия қатарына салтанатты түрде қабылданып, Nur Otan-дық атанған Дана Атеева өзінің жалынды лебізін білдірді. Іс-шара аудандық мәдениет үйінің концерттік бағдарламасымен түйінделді.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: