Елбасы сенімі — ел сенімі

Елбасы – қазақ халқы үшін Қазақстанның тәуелсіз мемлекетін құрудың басында тұрған, осы жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешуден халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын еңсерген, содан аман алып шығып, әлем мойындаған жаңа мемлекетті қалыптастырған, жаңа астана тұрғызған, елді индустрияландырудың жаңа жобасын өмірге келтіріп, болашаққа бағыттап келе жатқан ұлы тұлға.

Осының бəрі айтуға оңай. Ал шын мəнінде, ол оқиғалардың əрқайсысы Елбасының жүйкесін тоздырып, қаншама қиналу мен тер төгуді қажет еткенін біз ойладық па? Назарбаев бастамасымен іске асырылған шараларды сарапқа сала алдық па? Бұл біздің бəрімізді ойландыра білуі керек. Сонда ғана біз Елбасын – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін қадірлеп, тарихи мәртебесін сақтау мен қорғаудың жолын айқындауға қатыса аламыз. Ел мен Елбасының бірлігі тəуелсіздік жо-лындағы Президент идеясына қолдау берді.

Тарихи қысқа мерзім ішінде Қазақстан əлемнің басты мемлекеттерімен тіл табысып, дипломатиялық қарым-қатынасқа түсті. Түркі ынтымақтастығының құрамына кірді. ТМД, ШЫҰ-ны ұйымдастыруға ұйытқы болды. Нұрсұлтан Әбішұлының әлемдік беделінің күшімен Қазақстан ЕҚЫҰ, ИЫҰ-ға төрағалық етті.

Қазақстан үшін бүгінгі әлемдегі, өңірдегі, елдегі береке-бірліктің тұғыры, қауіпсіздіктің кепілі – Елбасының аты мен заты, мұрасы мен мұраты болатыны да сондықтан. Ұлттың бағына біткен біртуар тұлғаға ұзақ ғұмыр, бейнеттің зейнетін көруді тіледік.

М.Карибжан,

Сарқан ауданының тарихы музейінің экскурсия жүргізушісі.

Мәліметпен бөлісу: