Елдің болашағы — жастар

Қазақстан Республикасында жастар саясаты мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл саясат жастардың әлеуетін арттыруға, олардың білім алуына, кәсіби және жеке даму мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Жастар – қоғамның ең белсенді әрі болашағы зор бөлігі болғандықтан, оларды қолдау елдің тұрақты дамуы үшін маңызды.

Жастар саясатының негізгі бағыттарының бірі – білім беру жүйесін жетілдіру. Қазіргі заманғы білім беру мекемелерінде сапалы білім беру, жастардың әлемдік стандарттарға сай білім алуына жағдай жасау маңызды. Бұл ретте, жоғары оқу орындары мен колледждердегі білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру, халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысу мүмкіндігін ұлғайту қажет. Сонымен қатар, жастардың кәсіби даму мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында дуальді білім беру жүйесін енгізу, практикалық тәжірибе жинақтау мүмкіндіктерін арттыру маңызды.

Қоғамның қозғаушы күші саналатын — жастардың  әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларды қолдау – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Жастардың денсаулығын сақтау, спортпен шұғылдану мүмкіндіктерін арттыру маңызды. Сонымен қатар, жастардың психологиялық және әлеуметтік қолдау алуы да маңызды, өйткені бұл олардың өмір сапасын арттырады.

Жастар саясатының еліміз үшін маңызы зор. Жас буын – еліміздің болашағы, сондықтан олардың дамуына қолдау көрсету, білім беру, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, мәдени және азаматтық белсенділігін арттыру маңызды. Мемлекетіміздің тұрақты дамуы үшін жастар саясатына ерекше көңіл бөлінуге тиіс.

П. ЖЕҢІСХАН,

«Сарқан» газетінің редакторы.

Мәліметпен бөлісу: