
Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді.Бүгінде өтіп жатқан Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясында талқыланып жатқан көптеген өзекті мәселелер көңіл қуантады. Еліміздегі этнос өкілдерінің тату — тәтті өмір сүруі, еліміздің қарыштап дамуының басты факторларының бірі деп ойлаймын. Белсенді жас Төлеуғазы Азамат