
Жоғарғы оқу орны — тәлім-тәрбиенің бір мекені. Өзгелерге қарап бой түзей аласың, әрі адамдармен қарым-қатынас құруға үйретеді. Жеке тұлға ретінде қалыптасуыңа, өмір жолыңды айқындау үшін үлкен бетбұрыстар жасауға жол ашады.
Мемлекетімізде конкурс өткізу арқылы ректорларды тағайындаудың жаңа жүйесі енгізілді.
Ректорлық корпустың 50%-дан астамы жаңартылды. Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының түлектері, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары арасынан жас басқарушылар келді. Академиялық басымдық орталықтарын құру бойынша шаралар қабылданды.
Алдағы уақытта 7 ЖОО базасында Академиялық басымдық орталықтарын құру үшін 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстарға қатысады деп жоспарлануда. Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ базасында инженерлік білім мен ғылымдағы жаңа технологиялардың ғылыми-зерттеу хабын құра отырып, 2022-2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы әзірленді.
Бес жоғары оқу орнына (М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) зерттеу университеті мәртебесі берілді.
Осылайша елімізде жоғарғы оқу орнында біршама өзгерістер орын алды.
Ж. МҰҚАШЕВ,
Сарқан ауданының құрметті азаматы.
