Қазақстан тәуелсіз, демократиялық, зайырлы мемлекет. Еліміздің, жеріміздің, мемлекетіміздің тәуелсіздігі біздің қолымызда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдауында атап көрсеткендей, «Күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» атты формуласын берік ұстанумыз қажет. Мемлекет межелеген басты мақсат — халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту үшін Қазақстанды мықты мемлекетке айналдыру. Еліміздің болашағы — жігерлі жастарымыздың қолында. Кез келген қоғамның қозғаушы күші – өсіп келе жатқан жас буын. Себебі, талантты жастар – Жаңа Қазақстанның жарқын болашағының қалыптасуына үлкен үлес қоса біледі. Жастар мәселесі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың да назарынан тыс қалған емес.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Президент болып қызметтік лауазымына келгеннен кейін, халық үнін еститін нағыз демократиялық мемлекетке айналуымызды басты міндет етті. Елдің ниетін, тілегін еститін мемлекет болу жолында бірқатар өзгерістер енгізді. Аудан әкімдері бұрын халық алдында жылына 1 ақ рет есеп беретін болса, ал қазір әр тоқсан сайын есеп беріп, облыс әкімдері жарты жыл сайын халық алдына шығып, әрбір халықтың айтқан сөз-пікірінің орындалуы және қандай деңгейде екенін негізгі бағытқа алды. Еліміздегі реформалардың барлығы еліміздің дамуына, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға және Қазақстанның азаматтарының құқықтарын күшейтуге, халқымыздың азаматтық белсенділігін арттыруға, түптеп келгенде, мемлекетіміздің дамуына, халқымыздың жайлы өмір сүруіне жасалып жатқан реформалар. Биыл ел азаматтарының құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы өзгерістерден бөлек, еліміздің дамуы жолында біраз жұмыстар жасалып жүзеге асырылып жатқанына куәміз.
Сонымен қатар «Алтау ала болса – ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса – төбедегі келеді» дегендей, бірлігіміз мығым болуы қажет. Отанымыздың гүлденуі үшін айқын мақсатпен алға басып, елмен бірге қажырлы да жаңашылдықпен еңбек ете отырып, ел дамуы жолында аянбай еңбек етуіміз қажет деп есептеймін. Алдымен, жас ұрпақтың тәрбиесі — мектепке дейінгі орталықтан бастау алып, кейін орта немесе арнаулы оқу орындары қабырғасында білім алумен, үздіксіз ізденіспен жаңа белестерге ұмтылуы қажет. Сонда ғана біз, жастар жарқын болашаққа жете аламыз деп ойлаймын.
Мұрат Дархан Мұратұлы
Алмалы орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы