Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек екенін айтты.
Мемлекет басшысының айтуынша, елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздерін тарту аса маңызды. Сондықтан, атом энергетикасын дамыту мәселесіне бас мән беруіміз қажет.
«Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр».
Жолдауда Президент атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін, сондай-ақ стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек екенін атап өтті. Сондықтан 6 қазан күні өтетін республикалық референдумға барып, еліміздің болашағына бей-жай қарамай салмақты шешім қабылдайық.
Ж. ИГІМАН,
«Сарқан» газеті ЖШС-нің директоры.