Еліміздің экономикасы үшін маңызды

Жуырда аудандық халықтық штаб мүшелері «Алима-Агро» ЖШС-нің ұжымымен кездесу өткізді.


Жүздесу кезінде сөз алған штаб мүшесі Гүлшарбан Қалиева АЭС-тың еліміздің экономикасы үшін қаншалықты маңызды екендігін түсіндірді.

Гүлшарбан Мырзабайқызының айтуынша әлемнің дамыған елдері атом элект станцияларынан қуат көзін үздіксіз өндіріп, оны тиімді пайдаланып отыр. Қазіргі уақытта елімізде электр энергиясының жетіспеушілігі байқалуда, ал болашақта зауыттар мен фабрикалардың көптеп ашылуымен энергетика саласындағы жағдай күрт нашарлауы мүмкін. Осыған байланысты АЭС-ты тездетіп енгізу арқылы туындайтын проблемалардың алдын алуға болатыны туралы әңгімеледі.

Мәліметпен бөлісу: