Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы түзейді


Ел арасында жүргенде «жасыл энергияны» қуат көзіне айналдыру керек деген пікір жиі айтылады. Жасыл энергия көздері саналатын күн сәулесі мен жел үздіксізболмайтындықтан, олар тұрақты энергия көзі бола алмайды.

Әрі сапасыз және қымбатқа түседі. Жаңартылатын көздер, мысалы, күн батареялары мен жел турбиналарын аккумуляторлармен бірге қолдану керек. Бірақ оларды орнатқанда, күн жоқ кезде және жел соқпаған кезде энергия болмайды. Осыны түсіну керек. Оның үстіне Семейдегі ядролық жарылыстан қорқып қалған халқымыз атом электр стансасының салынуына да үреймен қарап отырғанын кездесулерде байқадым.

Алайда қазір технологиялар жаңарып, дамыған. Қауіпсіздік іс-шаралары да күшейтілді. Сондай-ақАЭС құрылысына су технологиясын пайдаланады. Мұндай технологиямен жұмыс істейтін стансаларда апат болған емес. Біз әрбір дәлелді, дәйекті сөздерімізді халыққа жеткізуге тырысамыз. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын түзетуге ғылымның жетістігін пайдалануымыз керек.Дегенмен нақты шешімді халық өзі таңдайды.


Ж. МҰСАБАЕВА,
Сарқан политехникалық колледжінің ұстазы.

Мәліметпен бөлісу: