Ғалымдардың топшылауынша біздің мемлекетімізде он шақты жылдың көлемінде электр тапшылығы болуы мүмкін деген жорамал бар. Жоспарға сәйкес келесі жылдан бастап құрылысы жүргізілетін АЭС қызмет жасай бастағанда тұрақты түрде электр энергиясын береді.
Жасырын емес қазірдің өзінде еліміз жетіспейтін электр энергиясын көрші мемлекеттерден қыруар қаржыға сатып алады. Егер де елімізде АЭС салынса ол құрылысы жүргізіліп жатқан кезде тұрақты түрде МАГАТЭ-нің бақылауында болады. Ал енді халықтың көңілін алаңдататын қауіпсіздік мәселесіне келсек, АЭС-ке салынған қаржының 40 пайызы қауіпсіздікке жұмсалады екен.
Қазірдің өзінде елімізде АЭС салуға ынталы 4 мемлекет дайын тұр: олар Қытай, Франция, Оңтүстік Корея, Ресей. Бұлардан бөлек Жапония мемлекеті де АЭС салуға қызығып отыр. Америкада 94, Францияда 56 АЭС қолданысқа енгізіліп, жұмыс жасап тұр. Бүкіл әлем көз тігіп, құлақ салып отырған мәселеге ат үсті қарамайық. Баршамыз 6 қазан күні республикалық референдумға барып, өз таңдауымызды жасайық.
Г. ҚАЛИЕВА,
аудандық Аналар кеңесінің төрайымы, халықтық штаб мүшесі.