Ұлы далада жер қорғаған, ел қорғаған ұлы батырлар көп болған. Солардың бірі, бірегейі Найманның Садыр руының ұранына айналған
Алдияр батырға арналады
(Дастан)
1.
Құрметіне бас иіп бір АЛЛА-ның,
Арғымақтай жер тарпып тұра алмадым.
Садырына Найманның ұран болған
Батыр бабам Алдиярға жыр арнадым.
Бек Қазақта көп болған батырларым,
Арқасында жайқалып жатыр бағым.
Ер бабамның аруағын бір аунатты
Атқа қонған сабырлы Садырларым.
Жері үшін қазақтар жан қияр деп,
Балалары жандарын сан қияр деп.
Бабамыздың ұрпағы сапқа тұрды
Алдияр, Алдияр Алдияр деп!
Отырғызып батырды жыр тағына,
Дүр сілкініп, қолпаштап жұрт ағыла.
Бабамызды дарынды азаматтар
Таныстырып үлгі етті ұрпағына.
Ұрпағының дауысы анық шықты,
Қара тасты қақ бөліп жарып шықты.
Шаңдарында тарихтың қалып қалған
Айбынды хас батырды алып шықты.
Асқар Құмарбай,
Нұр-Сұлтан қаласы
(Бұл дастанның толық нұсқасын газетіміздің 23 шілде 2021 жылғы №29 санынан оқи аласыздар).