Еркін ел ұрпағы

Қай елді алып қарасақ та мемлекет болашағы білімді жастар екені белгілі. Бүгінгі жас ертеңгі ел тірегі-тізгіні – қазіргі таңның жанды бейнесі. Ақын Мағжан Жұмабаев өз өлең жолдарында «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты» деп, жалындаған жастарға иек артып, сенім білдірген. Тарих қатпарларына зер салсақ осыншама байтақ жер мен, тәуелсіз елде тұрып жатқанымыз әрине ата-бабаларымыздың арқасында. Еркін, тәуелсіз болып өсіп-жетіліп келе жатқан мына біз жастар үшін қазіргі таңда уайымдайтын мәселелер жоқтың қасы, не жеймін не киемін демейді, тек қана өз болашағы үшін оқу-білім алып өз өмірі үшін қам жеу. Оқу-білім алып, өзіңді дамыту үшін түрлі жағдайлар жасалған, өз ізденуіңмен не болмаса маман көмегімен қалай ыңғайлы, білемін, оқимын деген тұлғаға барлық жағдай бар.
Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазу өткізіледі.
Мақсаты:Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттыќ мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтаѓы ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеттері: Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арќылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.
Ел тыныштығы мемлекет гүлденуіне алып келетіні сөзсіз. Жалынды жас, білімді маман, қазыналы қария, білікті басшы, татулығы жарасқан халқы бар ұлт болашағы жарқын болмақ. Алайда, болашақ жастардың қолында деп, барлық міндетті жастарға іліп қоюда дұрыс емес, орта буын, көпті көрген үлкендер болып сол болашақ ұрпаққа жол көрсетіп, тура өмір салтына салу ол басты міндет. Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптейтін, ұлттық құндылықтар мен мұраларды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу үшін біз не істей аламыз?
«Көш жүре түзеледі» деген қазақта сөз тіркесі бар, үлкенге қарап үлгі-өнеге алып, аталы сөзге құлақ асатын қазақы қоғам әр кез ұрпақ үшін бас түзеу болатын қоғам қайраткері мен дана, батыр, көшбасшыларды үлгі тұтқан. Сол секілді талантты, қайырымды, білімді, еңбекқор, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу үшін алдымен үлкендер көшінің жай-күйі маңызды. Балалар мен жас буынның күш-қуаты, бойындағы тулап жатқан қанды, тез қабылдап алатын қабілеттерін дұрыс жаққа бағыттау маңызды өмір кезеңі. Сол себепті, дұрыс бағыт-бағдар беру үшін әртүрлі іс-шара, жұмыстар жүргізілуі керек. Қазіргі заманға сай, жастарды қызықтыра отырып ұйымдастырылатын іс-шаралар қатырын ұлттық салт-сананы, құндылықтарды дәріптеуге, осы бейбітшілік заманды бағалауға, елін-жерін құрметтеуге, отбасы мен қоғам қасиетін түсінуге, дәріптеуге алып келетіндей қылып ұйымдастыру өте маңызды.
ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының Жеңіс күні қарсаңында жасына қарамастан барлық қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты патриоттық диктант ұйымдастырылмақ. Аталмыш шараның мақсаты: еліміздің егемендігін дәріптеу, тәуелсіздігімізді қадірлеу, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген партиоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді меңгеруі мен білу деңгейін анықтау, мемкелеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру және диктант мәтінін қолдану арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу. Осындай атқарылып жатқан жұмыстар өз жемісін уақыт өте беретіні сөзсіз, ол үшін тұрақтылық пен мақсатқа жету жоспары қажет. Болашағымызға бағдар ұсынатын, елді ұйымдастыра отырып ұлы мақсаттарға жетелейтін идеялар бабалар ізін жалғап, ел болу қамында мемлекет ғұмыры тәуелсіз болатындай ғылым мен білімді дамытып, бірлігі жарасқан жалынды жастар мен алдынғы буынды біріктіре білу.
Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару әр кез мақсатқа жетуге жетелейді. Осындай шаралар көш түзелуінің кішігірім болса да кепілі, кіші іс-қимыл үлкен істерге алып келеді. Сол себепті, сіздерді 2023 жылдың 3 мамырында республика көлемінде өтетін жалпыұлттық патриоттық диктант жазу шарасына Сарқан ауданының тұрғындарын қатысуға шақырамыз.
Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі.

Мәліметпен бөлісу: