Еркін форматта әңгіме өрбітті

Ағымдағы жылдың 12 ақпанында «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Дамир Әбдіжәмілұлы Каипов ауданда тіркелген “Сарқан ауданының ауғанстан, локальдік соғыс ардагерлерінің және мүгедектер ұйымы” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ерболсын Тоқтасынұлы Токжигитовпен арнайы кездесу ұйымдастырып, еркін форматта әңгіме өрбітті.

Жыл санап, аудандағы азаматтық қоғам институттарының әлеуеті артып келеді. Мемлекет тарапынан азаматтық қоғамның дамуына тиісті жағдай жасалуда. Шара барысында үкіметтік емес ұйым өкілі толғандырып жүрген мәселесін ортаға салып, азаматтық қоғамның дамуына қатысты біршама ұсыныстарын жеткізді. Жалпы, үкіметтік емес ұйым өкілдері ауданнның қоғамдық өміріне белсене атсалысуда.

Мәліметпен бөлісу: