Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама

Жуырда аудандық орталық кітапханада «Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шара аясында кітапханашы Э.Скакова сөз алып, салауатты өмір салтын насихаттай отырып, табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы — денсаулықты сақтаудың басты қағидаларын айтып өтті.

Есірткі — ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол оңай алдырар жау емес. Күн өткен сайын шырмалып, ауруды ауыздықтауға қанша күш салса да, оның жарасы асқынып бара жатқан секілді. Есірткі адамзат баласына құмарлық үшін ежелгі заманнан таныс. Ғалымдар сөзімен айтқанда, есірткіні алғаш рет Жерорта теңізін мекендеген халықтар пайдаланғаны талқыланды. Аудандық жастар саясатының қызметкері Бекова Арай сөз алып, есірткі түрлерінің әрқайсысының әсері әр түрлі. Ацетон және желім секілді түрлі еріткіштерді иіскеп ләззат алатындар да бар, нашақорлықтың бұл түрін «токсикомания» деп атайды деді.

Токсикоманияға айналған баланың қимыл — қозғалысы босаңдау, әрекеттері баяу болады, орынсыз күле береді. Жиі иіскеу салдарынан еске сақтау қабілеті бұзылып, ызақор болып кетеді. Транквилизаторларды, яғни тыныштандырғыш дәрі-дәрмектерді пайдаланса, баланың өңі қашып, сөйлеу мәнері өзгеріп, дөрекілік таныта бастайды. Атақты гашиш пен қара сора бала психикасына алғашында қоздырғыштық сипатта әсер етеді: күтпеген жерден күлкі қысады, қисынсыз нәрселерді айтып сандырақтай бастайтыны жөнінде айтып өтті. Осылайша тәрбиелік мәнге ие шара өз мақсатына жетті.

  Э.Скакова,

аудандық кітапхана қызметкері.                          

Мәліметпен бөлісу: