«ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ


Қарабөгет ауылында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының өкілдері «Есіктен есікке» форматындағы ауқымды ақпараттық акция ұйымдастырды.
Бұл бастаманың мақсаты – 15 наурызда өтетін референдумның мәні мен маңызын тұрғындарға жан-жақты түсіндіру, сондай-ақ конституциялық өзгерістер бойынша халықпен тікелей диалог орнату.
Акцияға аудандық коалиция мүшесінің төрағасы Тусупов Мұрат Төлеуұлы және коалиция мүшесі Құдияров Жалел Калелұлы қатысты.

Референдум қарсаңында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қарқын алып, жастар бірнеше үйлерді, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарын аралап шықты.
Іс – шара барысында тұрғындармен бетпе-бет сөйлесіп, олардың сұрақтарына жауап берді, жаңа Конституцияның негізгі бағыттары мен қоғамға тигізетін оң әсерлері туралы мәліметтер жеткізілді. Тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, референдумға қатысудың маңыздылығын талқылады.

Мәліметпен бөлісу: