Ескерткішім естелігім

5 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай, Қарабөгет ауылдық округінде «Ескерткішім естелігім» атты ескерткіш алаңында сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында ескерткіш маңы күл-қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Сонымен қатар, жасыл желектерге күтім жасалып, қоршаған орта тазалығы сақталды. Аталған іс-шара өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және тарихи-мәдени мұраны қастерлеу мақсатында ұйымдастырылды.

Мәліметпен бөлісу: