Этносаралық келісім – ел бірлігінің кепілі

Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту басты мақсаттарының бірі болды. Барлық азаматтардың мүдделерін қорғауға елдің негізгі заңы – Конституция кепілдік береді. Сондай-ақ біздің елімізде діни сенім бостандығына кепілдік берілген және дін мемлекеттен бөлінген.
Еліміздегі барлық этностар өздерінің ұлттық тілі мен әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдениетін дамытуға деген ұмтылысын, ынтасын байқап, еліміз барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіп қана қоймай, ұдайы қолдап отырады. Мемлекеттік саясат елімізде нәсiлдiк, этникалық, тiлдiк, дiни және өзге де белгiлерiне байланысты кемсітуге жол бермеy туралы нақты ұстанымда екендігін айта кеткен жөн. Яғни, еліміздегі барша ұлттың өкілдері теңдікте өмір сүріп жатыр деуге болады.
Ел тәуелсіздігінің баянды болуының бір тетігі мемлекетіміздің талай жылдан бері жүргізіп келе жатқан этносаясатымен тығыз байланысты. Осы уақыт аралығында әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдер қатарына қосылу мақсатында ел дамуының стратегиялық бағыттарын қалыптастырды. Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуы, мемлекеттің тұрақты дамуымен және өз кезегінде ел ішіндегі ұлтаралық бейбітшілікті қамтамасыз етуімен тікелей байланысты. Ал мұндай мақсатқа жету үшін қазақ қоғамының мемлекеттілігі мен саяси тұрақтылығының басты тұғыры – этносаралық үйлесімділік пен келісім.
Тарих сахнасында ұлтаралық келісім мен дінаралық келісімнің бұзылуынанан көптеген мемлекеттер жоқ болып кетіп, мемлекеттік дәрежелерін жоғалтып алған жәйттер өте көп кездеседі. Басқа да мемлекеттерде қоғамдық бірліктің қозғаушы күші түрлі ұлттар мен ұлыстарға қысымдар жасалып, тілі мен дініне, салт-жоралғыларына, мәдениетіне қарсы әрекеттер жасап, ұлттың бұзылуына себепкер болуда. Дәл қазіргі таңда мемлекетіміз бұндай жағдайларға жол бермей, қайта дамуына барынша көмек беруде. Толеранттық сана, пікір саясат саласы болсын, әлеуметтік ортада қалыптасты.

Мәліметпен бөлісу: