Этносаралық келісім мемлекеттік саясаттың бір бөлігі

Қазақстан – этносаралық және мәдени әртүрлілігі жоғары, бейбітшілік пен татулыққа негізделген мемлекет. Тарих қойнауында әртүрлі халықтардың үйлесімді өмір сүріп, өзара мәдени алмасу арқылы қалыптасқан ел болмысы – бүгінгі қоғамның тұрақтылығы мен дамуының басты тірегі болып отыр. Достық пен бірлік, өзара сыйластық пен түсіністік – Қазақстанның әлеуметтік-мәдени капиталын, азаматтық қоғамның тірегін айқындайтын ең құнды құндылықтар.
Этносаралық келісім тек мемлекеттік саясаттың бір бөлігі ғана емес, ол – әрбір азаматтың санасында, жүрегінде, күнделікті өмірінде көрініс табатын құндылық. Ол – әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдық мәдениеттің өлшемі.
Достық пен өзара түсіністік нарративтерін ілгерілету – қоғамның әрбір мүшесінің жоғары азаматтық міндеті. Бұл бағыттағы жүйелі және үйлестірілген жұмыс жастарды бейбітшілік пен татулық рухында тәрбиелеуге, мәдени және этносаралық айырмашылықтарды сыйлауға, өзара сенім мен құрметке негізделген диалогты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Елдегі әрбір ақпараттық, ағартушылық немесе әлеуметтік жоба – ортақ құндылықтарды дәріптеп, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға қызмет етеді.
Қазақстандық этносаралық келісім моделі – өзара құрмет пен сенімге, ортақ мақсатқа және тарихи жауапкершілікке негізделген бірегей тәжірибе. Ол этностар арасындағы тұрақтылықты сақтап қана қоймай, экономикалық, әлеуметтік және саяси даму үшін сенімді тірек болып табылады. Қазақстан қоғамының әрбір азаматы – бұл модельдің өміршеңдігі мен күш-қуатының кепілі.

Мәліметпен бөлісу: