
Бүгін «Евротранзит» ұжымының қызметкерлері сайлау учаскесіне барып, өз азаматтық таңдауын жасап, дауыс берді.
Ұжым қызметкерлерінің айтуынша, сайлауға қатысу – елдің болашағына қатысты маңызды шешімдерге өз көзқарасын білдірудің және азаматтық жауапкершілікті көрсетудің бір жолы.
«Евротранзит» мекемесі шекара маңында орналасқан. Кәсіпорын қызметі өңірдің және жалпы елдің экономикалық дамуына өз үлесін қосып келеді. Атап айтқанда, жыл сайын шамамен 20 мың жүк көлігіне тиеу жұмыстары жүргізіліп, 3 600 жабық вагонға жүк қайта тиеледі.
Кәсіпорын қызметкерлері үшін елдің болашағына қатысты маңызды мәселелерге белсенді қатысу, өз азаматтық ұстанымын білдіру маңызды.
«Әр азамат өз таңдауын жасап, елдің болашағына бейжай қарамауы керек. Бүгін біз өзазаматтық борышымызды орындап, дауыс бердік», – дейді «Евротранзит» ұжымы.
Сайлауға қатысу арқылы ұжым мүшелері елдің тұрақт дамуына және халықтың әл-ауқатының артуына өз үлестерін қосуға ниетті екенін атап өтті.
