Үгіт-насихат жұмыстарының басталуы

Nur Otan» партиясы Сарқан аудандық филиалында сайлауалды штабының салтанатты түрде ашылу жиыны өтті.

Жиынға кандидаттар сондай-ақ, партияның сенім білдірген өкілдері, штаб мүшелері қатысты. «Nur Otan» партиясы Сайлау науқанында қызмет атқаратын штаб мүшелігіне 11 адам және 30 сайлау учаскелеріндегі сенімді өкілі болып бекітілді. Жасақталған 90 сенімді өкілдің тізімі қалалық сайлау комиссиясына тіркеліп, куәліктері алынды.

Сондай-ақ аудандық штаб үгіт-насихат кезеңінде қызмет ететін 66 еріктілермен толықты. 11 желтоқсаннан бастап штаб қызметкерлері үгіт-насихат кезеңінің жұмыстарын бастады

Мәліметпен бөлісу: