“ЖАСӨСПІРІМ” ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ
2026 жылдың 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында республика аумағында “Жасөспірім” атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты — жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Басты бағыттар:
түнде ересектерсіз жүрген жасөспірімдерді анықтау;
балаларға алкоголь мен темекі сату фактілерін анықтау;
девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімдер мен жауапсыз ата-аналарды есепке алу;
қылмыстың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру.

