Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету ең басты міндетіміз


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екендігін атап өтті.
Осыған орай, аудан орталығы Сарқан қаласында Сарқан ауданының «Сервистік әкімдігі» ашылып, бүгінгі күнде аудан тұрғындарына қызмет көрсетуде. Бұл жоба мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
«Сервистік әкімдік» жобасының қағидалары мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру, бұл өз кезегінде қызмет алушылардың уақытын, күш-жігерін, қаржысын үнемдеуге мүмкіндік туғызады.
Сервистік әкімдік Сарқан қаласы, Тәуелсіздік көшесі № 117 мекен-жайындағы аудандық Мансап орталығында орналасқан.
Бүгінгі күнге Сарқан ауданы бойынша 22 мекеме мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, олар: – аудан әкімінің аппараты — 1 (АХАТ қызметі), 13 ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, 6 аудандық бөлімдер.
Сонымен қатар, аудан аумағында мемлекеттік корпорацияның бөлімі (Халыққа қызмет көрсету орталығы) және «Сервистік әкімдігі».
Сарқан ауданы бойынша жалпы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 54. Атап айтқанда:
1. Аудан әкімінің аппаратында — 5 қызмет көрсетіледі оның ішінде, ұйымдастыру бөлімінде — 2, жалпы бөлімде — 3 қызмет.

  1. Сарқан қаласы әкімі аппараты мен ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында – 8 қызмет көрсетіледі.
  2. Сарқан ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі – 3;
  3. Сарқан ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі — 9;
  4. Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі –17 ;
  5. Сарқан ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі — 9;
  6. Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және  спорт бөлімімен — 2;
         8. Сарқан ауданының экономика және қаржы бөлімімен — 1;
    2023 жылдың 12 айында жалпы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 9993 (9772 жеке тұлға, 221 заңды тұлға) оның ішінде қағаз түрінде – 0 (0 жеке тұлға, 0 заңды тұлға), мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген қызмет саны – 1901, электрондық түрде мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 8092 (7871 жеке тұлға, 221 заңды тұлға).
    2023 жылдың басынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында барлығы 48 іс-шара өткізілді (дөңгелек үстелдер, акциялар, жиындар мен семинарлар және т.б.). Мемлекеттік мекемелерде, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлері бойынша баннерлер, ақпараттық тақталар ілініп, электрондық қызметтерді насихаттау мақсатында 11 билборд орнатылып, 4 бейне ролик түсірілді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің алу тәртібі туралы және сапасын арттыру, электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту, насихаттау бойынша БАҚ-на 46 мақала жарияланды. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары халық арасында үнемі насихатталып, жүргізілуде. Осы «Қызмет лайф» жобасы аясында өткен жылы 7 тікелей эфир өткізіліп, қатысқан адам саны 9685 құрады.
    2023 жылғы 28 қараша күні «Аманат» партиясы ғимаратының мәжіліс залында аудан аумағында орналасқан жеке және заңды тұлғалар, кәсіпкерлер, шаруа қожалығы субъектілерін қатыстыра отырып, мемлекеттік қызмет алу барысында туындайтын қиындықтар мен күрделі мәселерді анықтау мақсатында кездесу өткізілді. Аталмыш шараға «Адам құқы, демократия және заңдылықты сақтау қоғамы» жөніндегі қоғамдық бірлестіктің басшысы Ахмедиева Алия Қасымханқызы, аудан прокурорының орынбасары Семеев Бағдат Абилсейтович, жеке кәсіпкер мен жаруа қожалықтары және де бөлім басшылары мен мамандары қатысты.
    Сонымен қатар, Сарқан ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау туралы іс – шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылдың 12 айында 6 мекемелер мен 11 ауылдық округтерге ішкі бақылау іс-шаралары жүргізіліп, ішкі бақылау барысында ешқандай заң бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталмады.
    Сарқан ауданы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау жөніндегі жұмыстардың орындалуы қатаң бақылауда.
    Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыз – шағымдар түскен жоқ.
    Бекітілген Сарқан ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша 2023 жылға арналған ішкі мемлекеттік бақылау жоспарына сәйкес жүргізіліп, толық орындалғандығын хабарлаймын.

Мәліметпен бөлісу: