Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті

Биылғы «1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау» күні індетке   байланысты ерекше жағдайда аталынып өтті.

Мереке қарсаңында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар-ламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қызметкерлері Сарқан қала-сында тұратын 22 мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндердің   сыйлықтарын үйлеріне апарып беріп, қуаныш сыйлады.

Бөлімше тарапынан аудандағы барша мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғам өмірінен тысқары қалмауы үшін түрлі іс-шаралар үнемі ұйымдастырылып тұратындығын айта кеткен жөн.

Ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына мекеме қызметкерлері қолдау танытқан.

А.Құрмаш,

мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің психологы.

Мәліметпен бөлісу: