Мемлекет басшысының 2023 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында берген тапсырмаларын орындауды аясында ағымдағы қызмет шеңберінде «Аmаnаt» партиясы Сарқан аудандық филиалының төрағасы Асхат Құдабаев этносаралық қатынастар мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Атап өтсек «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» күн тәртібімен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында Мемлекет басшысы халық бірлігін нығайту, этносаралық қатынастарды үйлестіру жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі аспектілеріне тоқталып, бағдарламалық сөз сөйлеген болатын. Қабылдауға келген «Зарянка» этно-мәдени қоғамдық бірлесігінің өкілі өзін толғандырған сұрақтарды қойып, оған қанағаттанарлық жауап алды.
Өз тілшіміз.