
Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы — халық татулығы мен бірлігінің басты бейнесі. Бүгінгі күнде Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауда, этносаралық ынтымақты нығайту жолында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Ассамблеяның ел өмірінде алар өз орны өте маңызды де санаймын. Себебі, Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі тұрақтылық пен татулықты сақтаудан бөлек ел экономикасының өсуіне де зор үлесін қосуда.
Қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының бірегей жобалары еліміздегі татулық пен бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқарады.
Ассамблеяның қызметі — қоғамда тұрақтылық пен орнықтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды құрал ретінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
Гүлжан Қисабекова
Сарқан ауданының құрметті азаматы
