Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Әбілмәжінұлы Келемсейіт ауданымызда болып, аудандық орталық аурухананың жаңадан бой көтеріп жатқан ғимаратының құрылыс барысын көзбен көрді.
Отыз жылға жуық құрылысы аяқталмай қалған екі қабатты ғимарат Мәжіліс депутаттарының араласуымен өткен жылдың соңынан бері қайта жандана бастады. Іргесі нығайтылып, қабырғалары жаңартылып, қосымша нысандарымен қоса келер жылы пайдалануға берілмекші үш қабатты ғимарат жаңа типті орталық ауруханаға лайықталып заманауи сипатқа ие болмақшы.
-Осы мақсатқа республикалық бюджет тарапынан 1 млрд. 700 млн. теңге қарастырылды. Жоба бойынша орталық аурухана 105 төсектік және бір ауысымда 100 адамға қызмет көрсетеді. Құрылысшылар демалыс дегенді білмей жылдар бойы күткен ғимаратты бел-гіленген мерзімде бітіруге құлшынулы,-дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Алтай Шұлғаубаев.
Ермек Әбілмәжінұлы құрылыс нысаны прорабымен, мамандарымен тілдесіп, сәттілік тіледі.
Бұдан соң Ермек Келемсейіт аудандық мәслихаттың хатшысы Қадыр Абдрахмановпен бірге Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте ұйымдастырылған «Иманды ұл, инабатты қыз» тәлім сабағына қатысты.
Мектеп басшысы Айшакуль Мусина өткізілмекші шараның мән-маңызына жан-жақты тоқталды. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі таңда ата-ана мен ұстаз арасындағы ортақ мәселе — бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім. Ата –ана үшін бала өмірінің жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, ұстаз үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады. Осы іс-шарада Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің «Үлгілі отбасы» болып мақтан тұтар Матбаев Ғабит Ауғанбекұлы және жары Абишева Назгуль Омарханқызы қошеметпен ортаға шақырылып, сөз берілді. «Ата-баба дәстүрі -ұрпаққа аманат» бағдарламасын жүзеге асыруда Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің бастауыш ардагерлер ұйымының нәтижелі жұмысының жемістері туралы слайд көрсетілді. Келесі кезекте Ы.Алтынсарин мектебінің ұстаздары және оқушылары дайындаған «Иманды ұл, инабатты қыз» атты шағын көрініс көпшілік назарына ұсынылды. Көріністе әжесі немерелеріне имандылық пен инабаттылық туралы тағылымды әңгіме айтып беріп, тыңдармандардың көкейіне ой салды.
Әнмен, өлеңмен, ұлағатты ұғым-дармен ажарланған кештің барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Қадыл Жанасбеков, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадыр Абдрахманов мазмұнды іс-шараларды ұйымдастырушыларға алғыс айтты. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш ардагерлер ұйымының төра-йымы, Сарқан ауданының Құрметті азаматы Каукер Колубекованың «Аманат» атты арнауы күн тәртібіндегі тақырыпқа арналды.