
Ресми мәліметтер бойынша Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде елімізге 330 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Осы орайда Орталық Азияға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың 70 пайызы біздің елге тиесілі болып отыр.
Биылғы жылдың басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы әртараптандыру мәселесін көтерді. Мемлекет басшысының айтуынша былтыр өңдеу өнеркәсібі саласында 180 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Олардың жалпы құны – 1,3 триллион теңге.
«Соның нәтижесінде осы саладағы өсім 6 пайызға жуықтады. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Осы жақсы үрдісті біржола орнықтырып, сақтап қалу керек»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекетіміздің инвестициялық тартымдылығы жоғары. Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың біздің елге қаржы құюға құлшынып тұратыны да сондықтан. Түптеп келгенде мұндай қатынастардың үлкен сенімге құрылатыны белгілі.
С. САДЫҚОВ,
Сарқан ауданының құрметті азаматы.
