«Бизнеске жол» жобасы аясында Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірдегі бизнесті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді шешу бойынша шаралар қабылдауда.Облыстың ветеринариялық бақылау органы жануарлардан алынатын өнімдердің үлгілерін іріктеу кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзған.ҚР «Кәсіпкерлік кодексінің» 149-бабының 4-бөлігінің талаптарына сәйкес өнім үлгілерін іріктеуге байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.Алайда, заң талаптары орындалмады және шығындар өтелмеді. Бұл ретте, кәсіпкерлерге алынған сынамаларды өтеуге кепілдік беретін норма 2015 жылғы Кәсіпкерлік кодексінің редакциясында бекітілгенін атап өткен жөн.Жоғарыда көрсетілген мән-жай кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуды ғана емес, сонымен қатар уәкілетті органдардың лауазымды адамдарын заңсыз байытудың сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігін де алып жүреді.Аталған фактілер бойынша Департамент уәкілетті органның атына ұсынымдар енгізді.Бұдан басқа, өнімі сынамаларды алуға жататын бизнес субъектілері бюджет қаражаты бөлінгенге дейін тексеру жоспарынан алынып тасталды. Осылайша 903 кәсіпкердің құқықтары қорғалған. Осылайша 903 кәсіпкердің құқықтары қорғалған.