Өңіріміздегі өзекті мәселелер шешімін табуда

 

Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың бес институцоналдық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын орындау мақсатында  ҚР – ның қолданыстағы заңнамасымен жергілікті өкілді органдарына жүктелген өкілеттіктер мен міндеттерге сәйкес Алматы облыстық мәслихатымен 2017 жылы  көптеген келелі мәселелер шешіліп, облысымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуында облыстық мәслихат депутаттары өз үлестерін қосты.

Жуырда Қарасай ауданы Қаскелең қаласында облыстық мәслихаттың көшпелі сессиясы болып өтті. Сессияда облыстық мәслихат хатшысы С.М Дүйсембековтың атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалып «қанағаттанарлық» деген баға алды. 2017 жылы 4 кезекті және 10 кезектен тыс сессия өткізіліп, 53 жалпы және 16 нормативтік – құқықтық сипаттағы актілер қабылданды. Оның ішінде 2017 – 2019 ж. арналған облыс бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, 2018 – 2020 ж. арналған облыстық бюджетті бекіту туралы шешімдер шығарылды. Сондай –ақ елді мекендердің атауын өзгерту, ережелер мен қағидалардың бағдарламалары талқыланып бекітілді. Облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы облыс әкімі А.Ғ. Баталовтың есебі, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының, облыстық қаржы басқармасының, тексеру комиссиясының бюджеттік орындалуы туралы есебі тыңдалды. Әр депутат өз округі бойынша жұртшылықты толғандырып отырған өзекті мәселелерді анықтап, жол сапасы, денсаулық сақтау, ауыз су, құқық қорғау, тұрғын үй, мәдениет  т.б. көкейкесті мәселелерді атқарушы органдарға депутаттық сауал ретінде жолдап, оң нәтиже шығаруға тырысты. Жалпы 53 депутаттық сауал жолданған екен. Соның 5-уі менің атқарушы органдарға жолдаған сауалнамаларым: 27.04.2017 — облыс әкімінің орынбасары Ж. Омарға аудандық аурухананың ескі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге қаражат бөлінуге ықпал ету, мәселе шешімін тапты бүгінгі күні күрделі жөндеу жүріп жатыр. 27.04.2017 — облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. Байдуалиевқа Амангелді округінде емханаға жедел жәрдем көлігін бөлу туралы  (мәселе шешілді, жаңа автөкөлік бөлінді). 27.04.2017 — аудан әкімінің орынбасары М. Разбековқа ПМК,  ДЭУ шағын ауданына ауыз су құбырын тарту туралы (мәселе шешілді, жобалау сметалық құжаты жасалынды). 05.05.2017 — Сарқан  қаласының тұрғыны А. Алпысбаеваның пәтерін қайтару туралы (2013 ж. 24.04. аудандық сот шешімі бойынша аудан әкімдігі аппаратына өтіп кеткен мәселені облыстық сотқа жүгіну арқылы шешуге кеңес берілді). 12.09.2017  — аудан азаматы С.Әбдіхамитовқа көше атауын беру туралы  (2017ж 02.03 атау беруде кісі атын беруге шектеу қоюға бойынша кейінге қалтырылды).

Облыстық мәслихат құрамында 7 комиссия жұмыс жасайды. Жалпы бюджетке байланысты 4 тұрақты комиссия және әр – түрлі мәселелерге байланысты 6 көшпелі комиссия отырысы өткізілді. Оның біреуі бізде – Сарқанда көліктік – логистикалық инфрақұрылым бойынша өтті. Сондай – ақ облыстық мәслихат депутаттары «Нұр – Отан» партиясының филиалдарында 187 рет қабылдау өткізіп 266 азаматты қабылдаған, оның 144 мәселесі оңтайлы шешілген. Осының ішінде менің өзім өз округім бойынша 7 қоғамдық қабылдау өткізіп, 30 азаматқа кеңес бердім.  Тұрғын  үй, несие алу, баланы интернатқа орналастыру, көшеге құмқайыр төгу, көшені жарықтандыру, су құбырын жөндеу т.б. сұрақтар бойынша өз өтініштерін айтты. Қойылған сұрақтардың 70-75 % шешілді. ҚР – сы Парламенті сенатының депутатын сайлауға, 30 ауылдық округінің әкімдерін сайлау жұмыстары  ұйымдастырылды. 9 азаматқа «Алматы облыстық Құрметті азаматы» атағы берілді. Облыс мәслихатының депутаттары қоғамдық кеңеспен де тығыз байланыста. 2017 жылы өткізілген 10 қоғамдық тыңдау барысында облыстық мәслихаттың 14 және облыс әкімдігінің 41 нормативтік құқықтық актілерінің жобалары жария талқыланды. Атқарылған жұмыстар жайлы бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде 48 материал жарияланды. Сол сияқты телеарналар арқылы 16 сұхбат берілді. Менің «Сарқан газеті» арқылы 5 мақалам, «Жетісу» телеарнасы арқылы 3 сұхбатым көрсетілді. Депутаттар әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын беріп, қайырымдылық жасаудан да жалықпаған. Жалпы облыстық мәслихат депутаттары  бір  жылда 36735000 т. көмегін көрсеткен. Келешекте де мақсаты айқын, бағдарламасы басым Алматы облыстық мәслихаттың мемлекеттік саясатты жүргізу және оны дамыту бағытындағы қызметі ағымдағы жылы да дәйекті түрде жалғасын табары сөзсіз.

 

Ж. Кулахметова,

облыстық мәслихат депутаты.

Мәліметпен бөлісу: