Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 39 лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тартты


Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Жетісу облысының жеке және заңды тұлғаларынан барлығы 739 өтініш келіп түсті.

  • қаралғаны — 672 өтініш;
  • қайта бағытталғаны — 29 өтініш;
  • қарауда — 38 өтініш.
    Сондай-ақ, ішкі мемлекеттік аудит департаменті 26 мың теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салды.
    «Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша аудит объектілерінің 39 лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 лауазымды тұлға атқаратын лауазымынан босатылды», — деп хабарлады облыстың ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Талғат Төлтебаев.

Мәліметпен бөлісу: