Ислам және үрей

7 қараша күні, Лепсі ауылдық  Мәдениет үйінде  мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен терроризмге қарсы күреске арналған  «Ислам және үрей»  атты ауыл имамы Досмұрзаев Серік Қыдырмаұлының қатысуымен  көпшілік шара өтті.

Мақсаты: Жастардың діни сауаттылығын арттыру, бойындағы қорқыныш сезімін жеңе білуге баулу. Жастарға қазіргі кездегі діни ахуалдың қалыптасуы және дін мен салт — дәстүрдің ара қатынасы, жат діни ағымдардың қоғамға ықпалы туралы түсіндіру, діни наным — сенімдерді ажырата білуге, жат діни ағымдардан аулақ жүруге үйрету, Ислам діні туралы түсініктерін кеңейту.Шара барысында №54  орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Кәріпбай Мөлдір- « Негізінен, ислам діні тек жалаң сенімнің ғана емес, ол – адамгершілік пен ғылымға негізделген биік мәдениет, өркениеттің діні. Ислам өркениеті он төрт ғасырдан бері бүкіл адамзатты сенім мен нанымына, тегі мен нәсіліне қарамай бейбітшілік пен ынтымаққа, сабырлылық пен тазалыққа шақырып келеді »-деп, болашақ жастарға түзу жолдан таймай білімді болуға шақырды. Ауылымыздың имамы С.Досмұрзаев дініміз жайлы толық мағлұмат беріп, жат ағымның жетегіне ермеуге шақырып, оқушылардың қойған сұрақтарына толыққанды жауап берді. Лепсі ауылдық кітапхананың қызметкері Г.Бекбосынова  осы тақырыпқа байланысты өз пікірін білдіріп, шағын кітап көрмесімен таныстырып өтті. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.Келген қатысушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, мардымды жауаптарын алып, рухани азық алып қайтты.

А.Әміртай,

Лепсі ауылдық мәдениет үйінің қызметкері.            

Мәліметпен бөлісу: